Астана тұрғыны «Абу-Даби Плаза» кешеніндегі жанжалға қатысты «ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айыппен сотталды деп хабарлады Tengrinews.kz сайты.
Астананың Есіл аудандық №2 соты төрағасының міндетін атқарушы Қанат Тобағалиұлының айтуынша, сотталушы «Абу-Даби Плаза» кешеніндегі шетелдік жұмысшылар мен күзет компаниясының қызметкерлері арасында болған жанжал кезінде әлеуметтік желіде «заңға қайшы әрекеттер жасауға шақырды» деп айыпталған.
«Астана тұрғыны әлеуметтік желі арқылы қалалықтарды шетелдіктерге қарсы заңға қайшы әрекеттер жасауға шақырған» деді брифингте Қанат Тобағалиұлы.
Астана соты оны әуелде екі жылға соттаған. Кейін сотталушы сот үкіміне шағымданып, апелляциялық инстанция жаза мерзімін бір жылға азайтқан.
2017 жылы қыркүйектің басында Астанада үкімет ғимараттары орналасқан жерге жақын маңда жаңадан салынып жатқан «Абу Даби Плаза» кешені аумағында нысан күзетшісі мен шетелдік азамат арасындағы жанжалдан қақтығыс туындаған. Ресми мәлімет бойынша, қақтығысқа 30 шақты адам — Үндістан азаматтары мен жергілікті тұрғындар қатысқан.
Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, төбелес болған жерден полиция бөліміне апарылған 41 азаматтың сегізіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, ұсталған өзге адамдар босатылған.
Дереккөз: Азаттық радиосы
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024