16-10-18 |
4610 рет қаралған
АХҚО: шетелдіктерге азаматтық сатылмайды.
АХҚО: шетелдіктерге азаматтық сатылмайды

Бүгін «Шетелдік инвестор 150 мың АҚШ долларынан кем емес қаражатты бір немесе бірнеше инвестициялық қорларға салса, Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат беретін ықтиярхат ала алады» делінген ақпарат тараған еді. Мұндай өзгеріс «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында аясында қарастырылып отырғаны жайлы айтылған болатын. Алайда, түстен кейін «Астана» халықаралық қаржы орталығы арнайы мәлімдеме таратып, онда «инвестициялық резиденттерге азаматтық беру мәселесі қарастырылмаған, қарастырылмайды да» депті.

Бұл мәселе туралы бұған дейін де жазғанбыз және сол жерден ашық үкімет порталына шығарылған заң жобасының салыстырмалы кестесін де көруге болады.

Естеріңізге салайық, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы 15 қазанда ашық үкімет порталында қоғамдық талқылауға шығарылған. Оған әр азамат қатысуына болады. Талқылау қазанның 29-да аяқталады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.