arasha.kz

АЭС құрылысы. Қазақстанға Ресей ұсынған мүмкіндік басқа елде жоқ – сарапшы

Энергетика бойынша сарапшы Борис Марцинкевич АЭС салуға қатысты ойын айтты.

Қытай мен Оңтүстік Кореяның ұсынысына қарағанда АЭС салуды Ресейдің бірнеше артықшылығы бар. Біз өңделген отынды қайта өңдеуге аламыз, қайта өңдеуге болмайтыны елге қайтарылады (МАГАТЭ ережелері бойынша). Қытай да, Оңтүстік корея да олай істей алмайды. Себебі оларда қайта өңдеу технологиясы жоқ. Бұл біз өңдеуден өтпегендерді алып қаламыз деген сөз емес. Егер реактордың толық жүктемесін алатын болсақ – 150 тонна, біз өңделген (жұмсалған) ядролық отынды алдық, қайта өңдегеннен кейін ол 30 келі болады. Бұл 150 тонна емес, 30 келі, айырмашылықты ойлап көріңіз – деді ол.

Ол Қазақстан АЭС салуға толық мүмкіндігі бар деген пікірде.

Дүниежүзіндегі уран өндірісінің 45 пайызын Қазақстан өндіреді. Өте жоғары сапалы уран түйіршіктерін шығаратын Үлбі зауыты бар. Ал Қазақстан бұған дайын емес деп айту мүмкін емес. Елде үш зерттеу реакторы бар, мектеп бар деген сөз. Оның үстіне ядролық физика институты бар. Яғни мемлекеттік реттеуші қалыптастыру туралы айтатын болсақ, Қазақстанда атом электр станцияларының қауіпсіздігіне қатысты мәселені қолға алатын адам міндетті түрде табылады, әрине, референдум оң нәтиже берсе. Менің ойымша, Қазақстанның өз ядролық энергиясы бар мемлекеттер клубына кіруі үшін барлық алғышарттар бар. Қоғамдық көңіл-күйді есептемегенде, – дейді ресейлік сарапшы.

Қазақстан атом электр стансасын салу бойынша референдум өткізуге дайындалып жатыр, алайда уақыты әлі жарияланған жоқ.

Arasha.kz

ФОТО: tvbrics.com

Exit mobile version