12-08-23 |
2610 рет қаралған
Алматыда ірі кәсіпкер баласын мойындамай қойды.
Алматыда ірі кәсіпкер баласын мойындамай қойды

 Осыдан бірнеше жыл бұрын әлеуметтік желілерде: «Алматыда ірі кәсіпкер даяшы қызды қорлап, ұлын мойындамай отыр» деген тақырыпта ақпараттар жарияланған еді.

Осы даулы іске қатысты сот процесі әлі де жалғасын тауып жатыр екен.

Наурыздың 13 күні Алматы қалалық сотына алдыңғы екі сотқа қатыспаған Хаким Редясебов келіп, әкелігін анықтау бойынша үшінші рет өтетін қайталама сараптамаға анализ тапсырып кетіпті. Бұған дейін Алматы қаласында екі рет молекуларлы-генетикалық сараптама өткізілген. Бірінші сараптама Редясебовты баланың әкесі емес деп таныған. Ләззаттың айтуынша, алғаш жасалған сараптаманы кәсіпкер сатып алған, ал екінші рет өткен сараптама 99,9 % азамат Хакимнің бала әкесі екенін растаған. Екі сараптаманың екі түрлі нәтиже көрсетуіне күмәнмен қараған Ләззатың қорғаушысы, елімізге танымал адвокат Марат Төкенұлы сарапшылардың сыбайлас жемқорлыққа баруы мүмкін екенін тілге тиек етіп отыр.

Бұған күмәнмен қараған тәуелсіз тілшілер бірінші сараптаманы өткізген Алматы қалалық сараптама орталығының маманы Байұзақова Әселге хабарласқан еді.

«Мен сот қандай үлгі берді, соны ғана зерттедім. Егер, қандай да бір кері бұрушылық орын алса, ол үшін біз қылмыстық жауапқа тартыламыз. Сараптама соттан келгенде мен кезекті демалыста болдым, демалыстан келген соң, бұл істі маған берді. Маған дейін не болғанына жауап бере алмаймын. Оған жауапты басшым Иванова Лилия Валеровна береді», – деді.

Лилия Ивановаға хабарласқанымызда:

«Бұл сот ісі болғандықтан сіздерге ешқандай жауап бере алмаймыз», – деген жауап алдық.

Бұған дейін ДНК сараптамасының қортындысын қолға ала отырып, шешімді Хаким Редясебовтің пайдасына шешіп берген Алматы қалалық жасөспірімдер сотына жауапты тек судьялар беретінін айтты.

Бұл істі қарап жатқан қалалық соттың баспасөз қызметінен жауап берген Диас Ұланұлы аталған істің аппеляциялық сотта қаралып жатқанын мәлімдеді.

«Аппеляциялық сот алқасының заңымен Астана қаласының сот-сараптамасына жолданды. Шешімнің қашан шығатыны белгісіз», – деді қалалық соттың баспасөз қызметі.

Ләзаттың соңғы үміті Астана қалалық сараптама орталығында.
«Арызыңды қайтып алмасаң, бәрін сатып аламыз»,- деген сөзден қорқып қалғанын айтқан ол, үшінші сараптаманы да сатып алса, халықаралық сараптама жасатуға қыруар қаржы керек екенін айтып қайғыруда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.