Бішкекте «Форум» ғимаратының алдында Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев жақтастарының митингі өтіп жатыр. Жұрттың алдында бостандыққа шыққан Қырғызстан социал-демократиялық партиясының мүшесі Мээрбек Мискенбаев, Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері Канат Сагымбаев, Фарид Ниязов сөз сөйледі. Алмазбек Атамбаев өз жақтастарының алдына денсаулығының сыр беруіне байланысты шыға алмады. Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев пен бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктерді жақтастары кеше түнде тергеу абақтысынан босатып алған болатын.
Фото 24.kg сайтынан алынды
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024