АҚШ қазақстандықтардың ел аумағына кіру ережесін өзгертті.
Енді Америка аумағына белгілі бір вакциналарды алған қазақстандықтар ғана кіре алады.
АҚШ рұқсат берген вакциналарға – Pfizer, Moderna, Johnson & Johnson, AstraZeneca, Covishield, Sinopharm және Sinovac.
Ресейлік «Sputnik V» мен қазақстандық QazVac тізімде жоқ. Жаңа талаптар 18 жасқа толмаған балаларға, екпеге қарсы көрсетілімдері бар адамдарға, сондай-ақ дипломатиялық, қызметтік және транзиттік санаттағы визасы бар мемлекеттік қызметшілерге немесе олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылмайды.