06-08-24 |
27020 рет қаралған
 Англиядағы демонстрация: Бұл наразылық емес, зорлық.
 Англиядағы демонстрация: Бұл наразылық емес, зорлық

Ұлыбританияда әсіреоңшылдардың наразылығы жалғасып жатыр. Ел премьер-министрі Кит Стармер дүйсенбі күні шұғыл жиналыс өткізді, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Стармер қазір болып жатқан демонстрацияны «наразылық емес, зорлық» деп атады. Ол тәртіп орнату үшін офицер-мамандардан төзімді армия жасағын құруды талап етті.

Бұдан бөлек BBC мәліметінше, Стармер көшеден тәртіпсіздікке шыққандарды ғана емес, әлеуметтік желілерде тәртіпсіздікке шақырғандарды да қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Британияның ішкі істер министрі Иветт Купер түрмелерден «бандиттік топтарға» арнайы орындар дайындалғанын хабарлады. Ол наразылық басталғалы бері 140 адамның ұсталғанын мәлімдеді. Олар полиция өкілдеріне шабуыл жасап, қоршаған ортаға зиян келтірген.

29 шілдеде Саутпорт қаласында 17 жастағы жасөспірім балалар би студиясының қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасағаннан кейін әсіреоңшылдардың жаппай наразылығы басталды. Нәтижесінде үш бүлдіршін қаза тауып, ондаған адам жарақат алған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.