Кеше Иосиф Сталиннің қайтыс болған күніне орай Ресейдің астанасы – Мәскеу қаласындағы қызыл алаңдағы Сталин жерленген жерге коммунисттер келіп, гүл шоқтарын қойып жатқан сәтте, «Декоммунизация» жобасының белсенділері Евгений Сучков пен Ольга Савченко: «Әйелдер мен балаларды өлтірген қылмыскер! Тозақ отына өртен! Халықты қырған қанішер!» деп айқайлап Сталиннің бюстіне гүл лақтырған. Ресей басылымдарының жазуынша, белсенділерді милиция ұстап, кейін босатқан.