Халықаралық қарым-қатынастардың терең дамуына байланысты, бір мемлекеттің сот органдарынан шыққан құжатты екінші мемлекеттің аумағында ұсыну қажеттілігі туындап жатады. Құжаттың заңды маңыздылығын қалай растауға болады және ол үшін не қажет? Осы сұрақпен құзырлы орындарға жүгінетін азаматтар аз емес.
Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба (штамп). Ресми құжаттарға апостиль қою қызметі Гаагада 1961 жылы 5 қазанда қабылданған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын Конвенциямен, сонымен қатар бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі.
Гаага Конвенциясы азаматтық немесе коммерциялық мәселелерде сот және соттан тыс құжаттарды шетелдік тарапқа беру мен ұсынудың ең тиімді механизмін қамтамасыз етуге арналған халықаралық процестегі маңызды көпжақты халықаралық келісім болып табылады. Конвенция 57 жыл бұрын қабылданғанына қарамастан оны 107 мемлекет мойындаған. Соның ішінде Қазақстан Республикасы да бар. Алыс шетелдерге жолдануға жататын апостилденген құжаттар мемлекеттің келбеті іспеттес болып табылады. Құжат ұсынылуға жататын мемлекет Гаага Конвенциясына мүше ел болған жағдайда ғана апостиль қойылады.
Қазақстан Республикасында өз өкілеттігі шегінде апостилдеу құзіретін 9 мемлекеттік орган, соның ішінде сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) жүзеге асырады.
2017 жылдың 31 қаңтарында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік қызметті көрсету процесін оңтайландыру қажеттігін көрсеткен болатын. Осыған орай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне тиісті өзгерістер енгізіліп, ағымдағы жылдың 13 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) облыстар, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарына, яғни Соттар әкімшілеріне «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет түрін көрсету өкілеттігі берілген.
Ресми құжат пен мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек ұсынылған жағдайда апостиль қоюға рұқсат етілген лауазымды тұлға ретінде Соттар әкімшісінің жауапты маманы қызметті жүзеге асырады. Жауапты маман сот органдарынан шыққан ресми құжаттың дұрыстығын, сонымен қатар құжатқа қол қойған лауазымды тұлғанын қолын, тиісті сот мөрі мен мөртаңбасының айқындығын тексереді.
Апостиль қоюға ұсынылған құжаттағы судьялардың қолдары мен сот мөртаңбаларының шынайылығын тексеру қызметін ұйымдастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Порталында республикадағы қызмет атқарып жатқан судьялардың қолдары мен соттар мөртаңбаларының электронды нұсқасы енгізілген Сервис құрылып, өз қызметін атқаруда. Сервистегі ақпараттың өзектілігі мен оның жаңартылуы тоқсан сайын жүзеге асырылады.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері біршама қысқартылған. Қазіргі таңда азаматтарға Астана қаласына арнайы барып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына өтініш берудің қажеттілігі жоқ. Облыс орталығына келсе жеткілікті. Бұл жайт азаматтардың уақыты мен жолға кететін шығындарын азайтатыны сөзсіз.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Басшысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 239 бұйрығымен бекітілген «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-бабына сәйкес, қызмет көрсету мерзімдері құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап: көрсетілетін қызметті берушіге – 1 (бір) жұмыс күні; облыстар, Алматы және Астана қалаларында орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне – 1 (бip) жұмыс күні; басқа Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне – 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілінің) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады. «Апостиль қою» мемлекеттік қызмет түрі ақылы негізде көрсетілетін болғандықтан міндетті түрде мемлекеттік алым төленуі тиіс.
Айнаш МАХАМБЕТОВА,
Жамбыл облысы бойынша
Соттар әкімшісінің бас маманы –
мемлекеттік тілді дамыту бойынша
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024