25-02-20 |
2040 рет қаралған
Apple-дың инвесторы Уоррен Баффет кнопкалы ұялы телефонын iPhone-ға ауыстырды.
Apple-дың инвесторы Уоррен Баффет кнопкалы ұялы телефонын iPhone-ға ауыстырды

Әйгілі миллиардер, Apple компаниясының инвесторы Уоррен Баффет өзінің 2010 жылы сатып алған ұялы телефонын iPhone 11-ге ауыстырды. Бұл жаңалығын ол Американың CNBC арнасына берген сұхбатында айтты.

Уоррен Баффет 20 долларға сатып алған өзінің ашылып-жабылатын, кнопкалы Samsung SCH-U320 ұялы телефонын жақсы көрген екен. Алайда ескіріп, жұмысы нашарлаған құрылғысымен қоштасуға мәжбүр болыпты.

Ал iPhone 11 смартфонын ол өзі сатып алмапты. Оған Apple  компаниясының бас директоры Тим Кук бірнеше ұялы телефон сыйға тартқан екен, соның ішінен осы телефонды таңдап алыпты.

Бұған дейін әйгілі бизнесмен өзінде iPad бар екенін айтқан. Бұл құрылғы арқылы ол интернеттен мәліметтер іздеп, акциялардың курстарын біліп отыратын көрінеді.

Айта кетейік, Уоррен Баффет АҚШ-тың әйгілі бизнесмен, миллиардері, ірі компаниялардың акционері. Википедия мәліметтері бойынша, 2019 жылы оның байлығы 84,9 млрд долларды құрады. Ол қазір 89 жаста. Қарт бизнесмен өзінің биржадағы тәжірибесін 11 жасында бастаған.

2010 жылы Уоррен Баффет өзінің өмір бойы жиған байлығынан 37 млрд долларды 5 қайырымдылық қорға бөліп беретінін мәлімдеген. Бұл әрекет ең үлкен мәрттік болып тарихта қалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.