Джо Байден Америка әскерінің Ауғанстаннан кету себебін АҚШ-тың өзге елдің азаматтық соғысына араласпауы деп түсіндірді.
«20 жылда АҚШ әскерін шығарып әкететіндей басқа ыңғайлы сәт болған жоқ. Ауғанстанда соғысуға мәжбүр болған АҚШ-тың төртінші президентімін. Мен осыны бесінші президенттің мойнына іліп кеткім келмейді»,- деді ол.
АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери миссиясының құны 1 триллион долларға түскен. Ауған солдаттары бұл қаржыға техника мен қару-жарақ алып, киінді және уақытында жалақы алып тұрған.
Ауғанстаннан АҚШ әскері шығарыла бастағанда-ақ белсенді әрекетке көшкен «Талибан» қозғалысы кейінгі аптада мейлінше шапшаң қимылдап, бұрын ауған үкіметінің қарауында болып келген ірі қалаларды басып алған. Кабулды соғыссыз бағындырған.
Кабул әуежайына мыңдаған адам келіп, шетел азаматтарын эвакуациялау үшін қонған ұшақтарға ұмтылған. Елуден астам ел «Талибан» қозғалысына үндеу жасап, Ауғанстаннан кеткісі келетіндердің бәріне мүмкіндік беруге шақырған.