АҚШ пен Австралия Украинадағы соғысты тоқтату үшін Ресейге ықпал ете алатын елдерден, соның ішінде Қытайдан Кремльге ықпал етуін сұрады, – деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Бұл туралы Пентагонның 6 тамызда таратқан мәлімдемесінде айтылған. АҚШ-та өткен келіссөздерге Құрама Штаттар мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, Пентагон басшысы Ллойд Остин және олардың австралиялық әріптестері Пенни Вонг пен Ричард Марлз қатысқан.
Бұған қоса, екі ел Ресейді Украинаның халықаралық қауымдастық мойындаған аумағынан әскерін шығаруға, осы елген тигізген зардабын төлеуге шақырған. Ресей мұны халықаралық құқыққа сай жүзеге асыруға міндетті.
Саясаткерлер «бейбітшілік саммитіне» қолдау көрсетіп, Украинада бейбітшілік орнату керектігін мәлімдеген.
Жақында Қытай сыртқы істер министрлігі Ресейдің Украинадағы соғысын аяқтау жөніндегі қытай-бразиялия жоспарын әлемнің 110-нан аса елі «қолдағанын» мәлімдеген. Қытай ұсынысына қатысты үн қатқан украин сыртқы істер министрлігі Украина бейбітшілік қандай болуы керектігін өзі анықтауы тиіс деп жауап берген.
Қытай өзін Ресейдің Украинаға қарсы соғысында бейтарап ұстайтынын мәлімдеген. Әлемнің бірқатары елі оны Қытай билігін Мәскеудің Украинада соғыс бастауын сынамағаны үшін айыптап отыр.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024