arasha.kz

Арман Жұмагелдиевтің екі айға қамау алынғаны туралы хабар шықты

Алматыдағы арнайы операциясы кезінде ұсталғаны хабарланған Арман Жұмагелдиевті (лақап аты Дикий Арман) Нұр-Сұлтан қаласы тергеу соты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарғанын «Время» газетінің тілшісі Михаил Козачков телеграм каналында хабарлады.

Бұдан бұрын ішкі істер министрлігі Арман Жұмагелдиевтің ұсталғаны туралы хабарлаған еді.

«Алматыда полицияның арнайы жасағы жүргізген операция барысында «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмакелдиев бастаған қылмыстық топтың 6 өкілі ұсталды. Полицияның табанды әрекеттерінің нәтижесінде қылмыскерлер ойлаған мақсатына жете алмады. Ұстау барысында күдіктілерден маркалары мен калибрі әртүрлі 4 жартылай автоматты тапанша және олардың оқ-дәрілері, суық қару мен брондалған автомобиль тәркіленді»,- деп министрлік баспасөз қызметі ақпарат таратқан.

Арман Жұмагелдиев қылмыс әлемінің серкесі деп сипатталады. Ол әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы.

 

Exit mobile version