Арменияның Антикоррупциялық комитеті елдің бұрынғы президенті Серж Саргсянға ірі көлемде пара алу және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактілері бойынша айып тақты. Бұл туралы «Новости — Армения» хабарлады. Қылмыстық іс жақында сотқа жолданған.
Тергеу мәліметінше, Саргсянның қатысуымен жасалған коррупциялық схема 2006 жылдан бастау алған. Ол кезде Саргсян президент болмағанымен, бұл жүйе оның президенттігі кезінде де жұмысын жалғастырған. Күдік бойынша, ел аумағындағы бірқатар кәсіпорындар – битум зауыты, жанармай бекеттері мен мұнай базасы – жақын таныстары мен туыстарының атына тіркелгенімен, іс жүзінде оларды Саргсян өзі басқарған.
Бірінші айып — «аса ірі көлемде пара алу». Тергеу органдарының айтуынша, Саргсян 2006 жылы құрылған бір кәсіпорыннан 22,5% үлесті пара ретінде талап еткен. Бұл үлес оның жиені мен Арменияның екінші президентінің ұлы негізін қалаған компанияға ресми түрде берілген. 2008 жылы бұл үлес аталған фирмаға сатылып, компанияға инвестициялар жасалған.
Екінші айып — «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу».
Бұл жағдай экс-президент Михаил Саакашвилидің ісін еске салады. Биыл көктемде Саакашвили шекараны заңсыз кесіп өткені үшін тағы төрт жарым жылға сотталған болатын.