20-04-19 |
11850 рет қаралған
Армия биліктен құлатқан президенттің үйінен 113 миллион доллар табылған.
Армия биліктен құлатқан президенттің үйінен 113 миллион доллар табылған

Биліктен құлаған Судан президенті Омар аль-Баширдің үйін тінту кезінде 113 миллион АҚШ доллары табылған, деп
«Аль-Ахдас ньюс» газетіне сілтеме жасап, ТАСС хабарлайды.

Тәркіленген Суданның орталық қазына банкіне жіберілген.

11-сәуірде Судан армиясы президентті биліктен құлатып, оны ел астанасының солтүстігіндегі Кобер түрмесіне қамаған. Оған дейін бұрынғы президент үйінде, мырзақамақта болған еді. Түрмеге ислам қозғалысының белгілі тұлғалары және жемқорлыққа қатысы бар делінген күдікті шенеуніктерге қамалған.

Соңғы күндері Суданда 200-ге тарта елдің бұрынғы шенеуніктер тұтқындалған. Олардың арасында «Ұлттық конгресс» деп аталатын билік партиясының да мүшелері бар.

Ел тұрғындарының төрт айға созылған қарсылығынан кейін армия 11-сәуірде әскери төңкеріс жасады. Шеруге шыққан ел Суданды отыз жыл басқарған президенттің орнынан кетуін талап еткен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.