arasha.kz

Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды

Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

«Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша 146 миллион теңге сомасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді.

2022 жылғы 28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу жалғасуда.
Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етуге жатпайды» делінген ақпаратта.

Exit mobile version