Экс-министр, ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен жаңа рейдерлік жолмен өзгенің мүлкін басып алу бойынша сот процесі басталды. Сотта жәбірленуші кәсіпкер К есімді азамат «Дипломат» қонақ үйіне қатысты Мұхамедиұлымен арадағы байланыстары, кикілжіңдері туралы айтты.
Айыптау қорытындысы бойынша, Мұхамедиұлына материалдық көмек сұрап жүгінген өзінің таныс кәсіпкері К. – ға тиесілі Астанадағы «Дипломат» қонақ үйін қолына алуға ниеттенген. Мәміле нәтижесінде шенеуніктің қайын енесіне ЖШС үлесінің 71 пайызы қайта жазылған. Содан кейін А.Мұхамедиұлы үнемі қонақ үйге барып, сол жерде иесі ретінде әрекет ете бастаған.
«2020 жылғы пандемия кезінде мен қайырымдылық ретінде медицина қызметкерлеріне қонақ үй беруді ұсындым. Мен дәрігерлерге жұмыстан кейін демалуға мүмкіндік беру үшін аспазға шамамен 10 миллион теңге мен бірнеше қорап алкоголь бердім. Бұл бір жарым айға жетуге тиіс еді. Бір-екі аптадан кейін маған аспаз қоңырау шалып, ақша мен азық-түлік таусылғанын айтты. Неге сонша тез бітіп қалды дегенімде ол былай деп жауап берді: досыңыз Арыстанбек Мұхамедиұлынан сұраңыз. Күн сайын достарымен шағын банкеттер жасайды, күн сайын ішімдік ішу, күн сайын пандемия кезінде концерттер өткізеді», – деді жәбірленуші К. сотта.
Кәсіпкер сотта Мұхамедиұлымен сөйлесуге және барлық мәселелерді бейбіт жолмен шешуге тырысқанын айтты. Алайда ештеңе шықпаған.
«Кездесулердің бірінде мен оған біздің ақшаға қатысты, қонақүйді басқару формасын жайлы мәселелерді реттейік деп ұсыныс айтып, әйел қызметкерлерге тиіспеуін сұрадым. Біз қонақ үйдің вестибюльінде үстел басында отырдық, екі стақанға виски құйылды. Ол стаканды алып, алдымен менің басыма лақтырғысы келді, содан кейін үстелді ұрып, маған «көзіңді құртам деді», – деді жәбірленуші.
Жаңа сот ісі бойынша тағылған айыптарды Арыстанбек Мұхамедиұлы мойындамайтын айтқан.
Бұған дейін Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталған еді. Кейін экс-министрдің әйелі де күдікті болып, адвокаты тұтқындалған болатын.