arasha.kz

Астана – болашақ қаласы

Астанада «Астананың 25 жылдығы: Астана-болашақ қаласы» атты қала күніне арналған форум өтті.

Аталған іс-шара аясында «Astana-Bolashaq» панельдік сессиясы өтті. Панельдік сессияның спикерлері ретінде «Болашақ» бағдарламасының көрнекті түлектері, ХБО Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов, сондай-ақ IEE (Institute of International Education) бас директоры Alan Goodman және Steppe Global Education басшысы Joel Ericson сөз сөйледі.

Форумның бірінші күні әлемдік сарапшылар панельдік сессиялар, экскурсиялық мәдени бағдарламалар шеңберінде бай пікірталастармен қоса, сондай-ақ B2B кездесулер өткізді.

«Astana – Bolashaq» пікірталас панелінде ХБО төрағасы О.Сәкенов пандемия кезінде енгізілген шектеулерге қарамастан, «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарға шетелдегі оқуды жалғастыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

COVID-19 пандемиясы әлемдік экономикада елеулі дағдарыс туғызды, қоғам өмірінің барлық салаларына, әсіресе халықаралық жоғары білімге әсер етті. Қазақстан туындаған проблемаларға қарамастан, пандемия кезеңінде шетелдік білім алу мүмкіндігін шектемеді. Стипендиаттардың қауіпсіздігі мен әл – ауқатының басты басымдығын сақтай отырып, стипендия өзгерістерге бейімделіп, процестерді икемді етті, – деді Олжас Сәкенов.

Сондай-ақ, 4 шілдеде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» мен «IDP IELTS Kazakhstan» емтихан орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында тараптар білім беру және ынтымақтастық салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын қарастырды.

Arasha.kz

Exit mobile version