Нұр-Сұлтан қаласында балалар үйіндегі жетімдердің тамағына бөлінген қаржының 25,9 миллион теңгесін жымқырған. Бұл туралы қаржы мониторингі комитеті хабарлады.
«Қазіргі уақытта «Qamqor» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Агенттік елордалық балалар үйлерінің бірінде жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Тергеу осы мекеменің директоры мен бас бухгалтері сатып алу ережелерімен қарастырылған процедураларды өткізбей, басқаруындағы үлестес кәсіпорынмен азық-түлік жеткізуге шарттар жасағандығын анықтады. Бұл ретте, компанияның нақты иесі бас бухгалтердің бұрынғы жұбайы болып табылады.
2019-2020 жылдар кезеңінде жасалған шарттар бойынша лауазымды тұлғалар аталған компания арқылы бөлінген 130 млн.теңге бюджет қаражатынан жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген
25,9 миллион теңгені жымқырған», – деп хабарлады комитет.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
17.11.2024
-
16.11.2024