arasha.kz

Ауғанстандық министр Қазақстанның сыртқы саясатына құрметпен қарайтынын атады

Кабулдағы Қазақстан елшісі  Әлімхан Есенгелдиев Ауғанстанның уақытша үкіметі сыртқы істер министрінің міндетін атқарушымен кездесу өткізді. 

 

Ауғанстанның сыртқы істер министрлігінің басшысы Амир Хан Муттаки ауған халқына көмек көрсетуге әзірлік білдіргені үшін Қазақстанға алғыс білдірді. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің сайтында хабарланды. 

Тараптар ауған халқына азық-түлік және гуманитарлық көмек көрсету мәселелерін талқылады. 

«Ауғанстанның сыртқы саяси ведомствасының басшысы Қазақстан тарапына өтпелі қиын кезеңде ауған халқына елеулі қолдау көрсетуге әзірлік білдіргені үшін алғысын айтты», – деп жазылған Қазақстан сыртқы істер министрлігінің сайтында.

Оның пікірінше, Ауғанстанның жаңа билігі барлық елмен, бірінші кезекте көршілермен және өңірдегі мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға ниетті. Сондай-ақ ел аумағынан олардың қауіпсіздігіне қандай да бір қатер туындауына жол бермеуге дайын екендігін растайды.

Министр Қазақстанның сыртқы саясатына, соның ішіндегі ауған бағытындағы ұстанымына құрметпен қарайтынын атап өтті.

Exit mobile version