18-10-21 |
1400 рет қаралған
Ауғанстанның экс-президенті Ашраф Ғани қазақстанда тіркелген әуе компаниясымен ұшқан.
Ауғанстанның экс-президенті Ашраф Ғани қазақстанда тіркелген әуе компаниясымен ұшқан

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Ауғанстанның экс-президенті Ашраф Ғанидың қазақстандық әуе компаниясының лайнерімен тасымалданғаны туралы ақпаратты түсіндірді.

Азаматтық авиация комитеті бұл рейсті республиканың шегінен тыс Қазақстанда жарамды операторлық куәлігі бар жеке авиакомпания жүргізгенін айтып, осы себепті ведомствода бұл жайлы ақпарат жоқ деп сендірді. 

Комитет сонымен қатар мемлекеттік органдардың көлік компанияларының шаруашылық қызметіне араласпайтынын, сонымен қатар көлік кәсіпорындарының жұмысшы персоналын Қазақстан заңнамасында көрсетілген жағдайлардан өзге жұмыстарға жұмсауға құқығы жоқ екенін жасырмады.

Қазақстандық авиакомпаниялардың тізімі Қазақстанның авиация әкімшілігінің сайтында орналастырылған. Онда 50-ден астам компания атаулары жазылған және операторлардың бірнеше сертификаттары тоқтатылған.

Еске салайық, бұған дейін Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани тамыз айында Өзбекстан аумағы арқылы елден қашып, ол жерден ары қарай БАӘ-не қазақстандық авиакомпаниямен жеткізілгені айтылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.