Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров вакцинациядан бас тартқандар вирус жұқтырған жағдайда оларға ең соңынан медициналық көмек көрсетуді ұсынды. Ол коронавирусқа қарсы вакцинациямен байланысты түсіндіру жұмыстары үшін әр ауданда комиссия құруды тапсырды.
«Дәрігер, имам, учаскелік инспектор барлық сұрақтарға бірден жауап береді. Егер тұрғын бұған да келіспесе, онда ол соңынан ем алады. Ол оттегінің жетіспейтіндігін сезінсін», – деді Қадыров коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб отырысында.
Ол әр ауданда дін қызметкерлерімен бірлескен комиссиялар құруды, олар аулаларды аралап, адамдарға вакцинациялау қажеттілігі туралы түсіндіруді тапсырды.