8-наурызда facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Нұржамал Реметова Түркістан облысы Жетісай ауданы маңындағы қазақ-өзбек шекарасындағы жер мәселесі туралы жазба жазған. Онда «Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Қоғалы аулының ар жағындағы Қазақ-өзбек шекарасы не үшін Қоғалы аулына жақындап келеді? Сол шекараның шегенделгеніне жиырма жылға таяу уақыт өткеннен соң, кенеттен шекара сызығының қазақ жеріне жүз алпыс метрдей кіріп кетуіне қандай жағдай себеп болып отыр? Алдын бейтарап жерде қалған арықтың өзбек жеріне өтіп кеткені, тіпті арықтың бергі жағындағы жердің Өзбекстанға өтіп кеткені қалай? Президент қойған мораторидің бұған қатысы болмағаны ма сонда? Осыны түсіндіріп беретін жан бар ма екен?» делінген.
Осы хабарды негізге алып, Азаттық арнайы мақала жазған. Материалда Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қоғалы ауылы тұрғындарының шекара аумағындағы жерге қатысты алаңдаушылығы айтылып, жергілікті биліктің уәжі де келтірілген. Мәселен, Жетісай ауданы әкімінің кеңесшісі Айдар Сейдазым Азаттыққа:
– Бұл – екі мемлекеттің келісімі. Мұны қарапайым тілмен айтқанда «жер алмасу» деген дұрыс болар. Өйткені Қазақстан Шардарадан Жетісайға қатынайтын төте жол ашу үшін Өзбекстаннан жер алды. Қоғалыдағы шекара сызығы бойымен соның өтеуіне дәл сондай көлемде жер берді, – деп жауап берген. Оның сөзіне қарағанда, Шардарадан шыққан жолаушы бұрын Жетісайға бару үшін 200 шақырымдай жүрсе, қазір ол 80 шақырымға қысқарған. Қазақстан төте жол салуға Өзбекстаннан 40 гектардай жер алған.
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024