Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіске алаңдап отыр
arasha.kz
Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайға байланысты алаңдап отыр. Сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратта:
«Қазақстан екі ел арасындағы ашық және конструктивті саяси-дипломатиялық диалог қазіргі дағдарыстан шығудың жалғыз тиімді және қолайлы жолы деп санайды», – делінген.
Министрліктің хабарламасында Қазақстан тараптарды, ең алдымен, ахуалдың одан әрі ушығуын алдын алу үшін аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мүдделеріне негізделген барынша сабырлылық пен халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырғаны да айтылған.