arasha.kz

Қазақстан Сириядан өз азаматтарын қайтаруда көш бастап тұр

Біріккен ұлттар ұйымы – БҰҰ Қазақстанның Сирия мен Ирактағы соғыс ошақтарынан өз азаматтарын қайтару ісіне оң баға берді. Соңғы айдың өзінде Қазақстан Сириядан 231 адамды соның ішінде 156 баланы елге қайтарған.

Қазақстанның бұл ісіне БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша тәуелсіз сарапшысы Фионнуала Ни Аолайн (суретте) жақсы баға беріп: «Бұл БҰҰ қауіпсіздік кеңесі резолюциясына сәйкес Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін жақсы орындап қана отырғаны емес, Сирияның солтүстік-шығысында адам төзгісіз жағдайда қалған аналар мен балаларды, ер адамдарды құтқаруға жасалған гуманитарлық жауап» дейді ол өзінің 7-9 мамырдағы терроризммен күрес жағдайындағы адам құқығы мен бостандығы тақырыбында Қазақстанға жасаған сапары есебінде.

Сондай-ақ, Ни Аолайн Қазақстан үкіметінің аталған тақырып бойынша ашық әңгіме өткізгеніне ризашылық білдіреді. БҰҰ-ның өкілі сапар барысындағы Ақтаудағы Сириядан қайтарылған азаматтарды бейімдеу орталығына барғанын ерекше атап көрсеткен.

Қайыра айтсақ, биыл «Жусан» операциясының арқасында Сириядан елге қаңтар 47 адам, мамыр айында 231 адамды соның ішінде 156 бала елге келген еді.

Exit mobile version