arasha.kz

Қазақстанда азанның дауысы азайтылмақ

Азан шақыру (намазға шақыру) – мұсылман дәстүрінің ажырамас бөлігі. Дегенмен соңғы уақытта Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне мешіттердегі азанның дыбыс деңгейін реттеуге қатысты көптеген өтініштер келіп түскен.

Сол себепті де Дін істері комитеті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен және облыстардың, Астана мен Алматы қалалары Дін істері жөніндегі басқармалармен бірлесіп, мешіттердегі азанның дыбыс деңгейін тұрғын үй және басқа үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды ұстауға және пайдалануға арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру мақсатында түсіндіру жұмыстарын  жүргізуді бастады.

Аталған талаптарға сәйкес, пәтерлердің бөлмелеріне шудың ену нормалары сағат таңғы 7.00-ден түнгі 23.00-ге дейін 55-тен 70 дБА (децибел), ал, сағат 23.00 ден 7.00-ге дейін  45-тен 60 дБА(децибел) бдейін болу қажеттігі көрсетілген.

Өз кезегінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұсынымдарын және азанның дыбыс ырғағын асырмауға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ұстанатынын мәлімдеген.

Дереккөз: Abai.kz

Exit mobile version