arasha.kz

Бұрынғы президентке айып тағылды

Қырғыз парламентінің бір топ депутатынан құралған арнайы комиссия қорытындысы бойынша, бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевқа 6 айып тағылды, деп жазады Азаттық. Ал бұған дейін жария етілген 3 айыптағы іс-әрекеттер Атамбаев президент болған тұста емес, басқа уақытта жасалғандықтан депутаттар оларды қарамауды ұйғарды.

Комиссияның қорытындысын қазір парламенттің құқық тәртібі, сот-құқық мәселесі және қылмыспен күрес жөніндегі комитеті қарап жатыр. Оның нәтижесі кейін жарияланбақ.

Маусымның 17-і күні комиссия отырысында Алмазбек Атамбаевқа келесідей айыптар тағылды:

Қырғызстан ішкі істер министрлігінің тергеу қызметі бастығының орынбасары Мырзалы Жумаев Батукаевтың ісінде Атамбаевтың аты аталатынын хабарлады.

«ІІМ қызметі Батукаевты қамаудан заңсыз босату туралы іс аясында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Біз бұл іс бойынша БАҚ-қа тиісті мәліметтерді бердік. Сол кездегі министрлердің іс-әрекеттеріне заңды баға беру жөнінде тергеу жүріп жатыр. Премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Шамиль Атаханов тергеу кезінде «Батукаевты босатуға Алмазбек Атамбаевтың қатысы бар. Тапсырма берілді» деп айтты» дейді Жумаев.

Комиссия отырысына қатысқан құқық қорғау органдарының өкілдері Алмазбек Атамбаевқа тағылған тоғыз айыптың төртеуі жайлы ақпарат берді. Өзге бес айыпта көтерілген мәселелер жауапсыз қалды. Отырыс кезінде Атамбаевқа тағылған «қару беру», «жерді пайдалану мақсатын заңсыз өзгерту» тәрізді айыптар бойынша ешқандай тергеу амалдары жүргізілмегені анықталды.

Exit mobile version