Біріккен Ұлттар Ұйымының климат бойынша саммитінде сөз сөйлеген Швециялық 16 жасар белсенді, Нобель Бейбітшілік сыйлығының номинанты Грета Тунберг билікті қоршаған ортаның қауіпсіздігіне салғырт қарайды деп кінәлады.
Грета Тунберг сөзін: -«Біз сіздердің әр қадамдарыңызды бақылап отырамыз!» деп бастап еді, саммитке қатысушылар ду күлді. Ал Грета көзіне жас ала, ашумен сөзін жалғастырды:
– Бұл жерде болмауым керек еді. Мұхиттың арғы жағындағы өзімнің мектебімде болуым керек еді. Бірақ сіздердің бізге, жастарға үміттенуге дәттеріңіз қалай барады?! Сіздер менің арманымды, балалық шағымда құрғақ мәлімдемелеріңізбен ұрладыңыздар. Менің жолым болды. Ал ана жақта адамдар өліп жатыр, қиналып жатыр. Экожүйе бұзылуда. Біз жаппай қырылу алдында тұрмыз. Бірақ бар айта алатындарыңыз ақша, экономиканың өсуі туралы ғана. Қалай ғана дәттеріңіз барады?! » -деді Нобель Бейбітшілік сыйлығының номинанты 16 жасар Грета Тунберг.