Конгресс 78 жастағы Джо Байденді АҚШ-тың президенті етіп ресми бекітті. Демократтар партиясының өкілі 270-тен аса сайлаушылар даусына ие болған. Инаугурация 20 қаңтарға жоспарланып отыр.
Вашингтондағы Трампшыл топтың наразылық шараларына қарамастан АҚШ конгресі сайлау нәтижелерін бекіту жұмысын тоқтатқан жоқ. АҚШ астанасы коменданттық сағат енгізіп, наразалыққа шыққандарды ұстады. Трамптың Instagram, Twitter, Youtube желісіндегі парақшалары бүғатталды.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, 6 қаңтар күні АҚШ президенті Дональд Трамптың жақтастары Конгреске басып кіріп, АҚШ парламентінің қарашадағы президент сайлауының нәтижесін куәландыруға арналған ортақ отырысын тоқтатып тастады. Ол Вашингтонда болып жатқан тәртіпсіздіктерді «бүлік» деп атады.