25-02-19 |
4830 рет қаралған
Бакиевтің кезінде ұрланған $4,6 млн-ды АҚШ Қырғызстанға қайтарады.
Бакиевтің кезінде ұрланған $4,6 млн-ды АҚШ Қырғызстанға қайтарады

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрменбек Бакиевтің отбасы ұрлаған $4,6 млн-ды АҚШ Қырғызстанға қайтарады. АҚШ бас хатшысы көмекшісінің бірінші орынбасары Элис Уэллс пен Қырғызстан Қаржы министрлігінің біріккен хабарламасында осылай делінген, -деп хабарлайды «Азаттық» радиосының қырғыз бюросы.

АҚШ соты Бакиевтің президенттігі кезінде оның отбасы елден заңсыз алып шыққан 6 млн долларды тәркілеу туралы шешім шығарған.

Қырғызстан құқықтық компаниялар арқылы тәркіленген ақшаны елге қайтаруды сұраған. 2018 жылдың 4 қазанында АҚШ-тың Әділет министрлігі ходатайствоны мақұлдаған. Бірақ айтылған 6 млн доллардың 4,6 млны ғана табылды.

«Бұл қаражатты қайтару екі ел арасындағы үлкен жетістік және елеулі оқиға. Бұл Сооронбай Жээнбековтың жемқорлыққа қарсы компаниясына АҚШ-тың қолдауының көрінісі», – деді Элис Уэллс.

Уэллстің сөзінше, бұл қаражат ауыл тұрғындарын таза сумен қамтамасыз ету, медикоменттер алу, сонымен бірге қоғамдық бақылауды күшейту үшін сот отырыстарын жазатын құрылғы алу және аймақтарлы дамытуға жұмсалмақ.

Курманбек Бакиев Қырғызстанды 2005-2010 жылдар аралығында басқарған. 2010 7 сәуірде елде болған революцияның нәтижесінде тақтан тайдырылған. Сол кездегі саяси революциядан 80 адам қаза тапты деген мәлімет бар. Ол қазір Беларусияда тұрады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.