Владимир Путиннің «қызыл сызықтан» аспауға қатысты пікірін Мюнхендегі сөзімен салыстырып, Ресейдің жаңа сыртқы саяси манифесті деп атап жатыр.
Расында да Ресейде жаңа тарихи кезең басталғандай. Ресей құлдырады, Ресей қалпына келді, Ресей топтасты, енді Ресей өзінің ұлттық мүдделерін қорғауға көшті, деп жазды Sputnik Қазақстан РИА Новости-ға сілтеме жасап.
«Алайда бұл осыған дейін ұлттық мүдде сырт қалды деген сөз емес. Путин билік еткен жылдардың барлығында бұл Ресейдің сыртқы саяси доктринасының мәні болды. Жалпы Ресейдің қуат күші артып, халықаралық мәселелерге араласуда белсенділік танытқан сайын оны бұғаттау мен оқшаулау әрекеттері де арта түсті», – деп жазды басылым.
Қырымнан кейінгі жеті жыл бұл әдіс-тәсілдің еш нәтиже бермейтінін көрсетті. Ресейді тежеуге бағытталған саясат нәтижелері әлемнің қаншалықты өзгергенін айқындай түсті.
Басылымның мәліметінше, 2014 жылғы ашық қарсыласу арқылы Ресей батыстың жаһандық көшбасшылық жобасының дағдарысын үдетті. Алайда Қырым төңірегіндегі жағдайда орыстар шабуылдаудан гөрі қорғанысқа көшті, өз ұлттық мүддесін қорғады деуге болады. 90-жылдары Мәскеу «әлем есебінен шығып қалды». Алайда Мюнхен мен Қырым арқылы ол өзінің мемлекет ретінде позициясын көрсетті. Әрине ол КСРО секілді ауқымды болған жоқ. Дегенмен өз құқығы мен мүддесін айшықтайтын қауқары болды. Сондықтан Ресейдің шектеулі мүмкіндіктерінің өзі атлантикалық әлем тәртібін ыдыратуға мүмкіндік берді.
Атлантшылар Ресейдің Қырым мен Сирия мәселесіне араласқанына қуана қоймады. Олардың Ресейді әлемнен оқшаулаға тырысқан әрекеттері кері нәтиже берді: Батыс өзін қорғансыз сезінді, олар әрбір іске орыстарды кінәлауды жалғастырды. Осылайша Батыс Азия, Латын Америкасы, Африка үшін Ресейдің тегін жарнамасын жасады. Путин беделін түсіруге деген ұмтылыс та оны қуатты саясаткер ретінде мәртебесін бекітуге ықпал етті.
Сондықтан Путин өз жолдауында осы мәселеге де қатысты пікір білдірді. Жалпы Ресейді кез келген мәселеге қатысты етіп көрсету әдетке айналды. Ресейліктер мұны жаңа үлгіде жасалып жатқан қысым деп атап, Батыстың Ресейдің ұлттық мүдделерін елеместен ішкі мәселелеріне араласып жатқанына наразылық білдірді.
Навальныйға байланысты «Солтүстік ағын – 2» жобасын тоқтатуға әрекеттер мен санкциялар, Украинаға «басып кірмек болған орыстарға тосқауыл болу» секілді шараларды Батыс қалыпты ақиқатқа айналдырғысы келеді. Алайда Ресей атлантшылардың ығына жығылатын түрі жоқ.
Мәскеудің пікірінше, Батыс Навальный үшін, Украина үшін және тағы басқа мәселелер үшін Ресейдің ақталуын көздеп отыр. Бірақ бұл Ресейдің мемлекетішілік мәселелері және оған мұхиттың арғы бетіндегі елдердің араласуға еш жөні жоқ.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024