Шетелдік сарапшылар Ресей маңызды әлем нүктелерінде өзінің белсенділігін көрсетуде деп жазуда. стратегиялық қатысуын арттыруды жалғастырып жатыр деп жазды. «Пәкістан ағыны» туралы ойды РИА Новостиге сілтеме жасап, Sputnik Қазақстан жазды.
Күні кеше Исламабадта екіжақты кездесу аяқталып, екі елдің техникалық мамандарынан құралған топ жобаны жүзеге асыруға дайын екенін растады. Енді осы мақсатта техникалық мәселелерді пысықтау және сәйкес құжаттарды әзірлеу жалғасады. Нақтырақ айтсақ, енді бұл бағыттағы жұмыстар қағаздан топыраққа ауысып, болашақ газ құбыры тасжолының бойымен геологиялық-барлау жұмыстары басталады.
Бұл жобаның идеясы күрделі кезеңде пайда болды. 2015 жылы «Солтүстік – Оңтүстік» газ құбырын әзірлеу және оның құрылысы туралы үкіметаралық келесімге қол қойылды. Бұл жоба бойынша газ құбырының ұзындығы 1100 километрді қамтыды және құны екі миллиард долларға жуықтады.
Кейінгі екі жылда жоба тұралап қалды. Себебі тараптар газ жіберу тарифтерінің көлемі бойынша бір келісімге келе алмады. Ресей бағаны өсіруді талап етіп, олай болмаса, жоба экономикалық тұрғыда пайдасыз болатынын алға тартты. Содан кейін Ресей тарапынан негізгі орындаушы – «Ростех» мемлекеттік корпорациясына кезекті америкалық санкциялар салынып, бұл жобаны іске асыруды одан бетер тежеді.
Өткен жылдың күзінде Исламабад сұранысы бойынша келісім шарттарын қайта қарастырды. Жобадағы Пәкістанның қатысу үлесі 51-ден 74 процентке дейін өсті. Бірақ тек ресейлік материалдар, керек-жарақтар мен жабдықтарды қолдану бойынша қатаң талап қойылды. Ресей инвестициясы 25 проценттен аспайтыны, ал басқа шығынның барлығын Пәкістан өз мойнына алатыны туралы келісімге келді.
Осы жылдың көктемінде жоба атауын «Пәкістан ағыны»деп өзгертті де, екі елдің энергетика министрлері жақын уақытта құрылысты бастауға дайын екендіктерін жеткізді.
Осы тектес жобаның идеясы мен мәнін түсіну үшін экономикалық картаға үңілу жеткілікті. Пәкістан – 220 миллионнан астам халқы бар мемлекет. Көрші жатқан Үндістан және Қытаймен салыстырғанда соншалық көп емес. Бірақ саны екі жүз миллионнан асатын адамды тамақтандырып қана қоймай, сондай-ақ электр энергиясы және басқа да өркениет қажеттіліктерімен қамтамасыз ету керек. Ал Пәкістанның электр станциялары қайда орналасқанын қарайтын болсақ, онда теңсіздік айқын көрінеді.
Бұл карта елдің Иран және Ауғанстанмен шекараны бойлай жатқан бүкіл оңтүстік-батыс бөлігінде өз генерациясы жоқ екенін, ал Кашмир және Қытаймен шектелген Исламабадтан солтүстікке қарай қуаты шағын бірнеше гидроэлектр станциясы энергия көзі қызметін атқарып тұр. Сондықтан Пәкістанға үйлерде жарық және сенімді энегия көздері аса қажет.
Жылына 12,4 миллиард текше метр газ қуаты бар «Пәкістан ағыны» жобасын жүзеге асыру жаңа электр станцияларын жанармаймен қамтамасыз етеді, ал олар Үндістанмен шекарадағы Пенджабта шоғырланған өнеркәсіптік кәсіпорындарды қуаттайды. Егер ештеңе кедергі келтірмесе, онда газ құбырын астанаға дейін созуға әбден болады.
Мұнда Ресей үшін қандай пайда бар дегенге келсек, онда мұны ТАПҮ (Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан – Үндістан) магистральді газ құбырынан бастау керек. Бұл жобаға Ресей техникалық гарант, сондай-ақ жабдықтар мен құбырларды жеткізуші ретінде қатысқан. Ақырғы газ алушы – Үндістан, бірақ барлық тасымалдаушы мемлекет көгілдір отынға зәру. Сондықтан көмірсутек үлесі үшін таласатыны анық.
Сонымен қатар Германия немесе Түркияға қарағанда адам саны үш есе көп Пәкістанда газ нарығын құру көмірсутектің әлемдік нарығын жабатынына кепілдік болатыны белгілі. Ең алдымен ол Парсыдан Оман шығанағына және әрі қарай Карачиге өз сұйылтылған газын жеткізетін Катар үшін қызықты жоба болмақ. Алайда Катар сұйылтылған табиғи газ өндірісін қатты күшейте алмайды. Ендеше бұл болашақта катарлық газдың Еуропаға жеткізілуі төмендейтінін білдіреді. Бұл Ресей газ құбырының маңызын арттыра түседі.
Оның үстіне құбыр мен қажетті жабдықты жеткізетін Ресей төменгі шикізатты емес, қосылған құны бар өнімді сатады. Өңірдің белсенділігі Ауғанстандағы саяси ахуалдың өзгеруі мен «Солтүстік ағын – 2» құрылысының аяқталуымен тығыз байланысты болмақ.