10-12-21 |
2060 рет қаралған
Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы хабар тарады.
Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы хабар тарады

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы хабар тараады. Бұл туралы ҚазТАГ жазды.

ҚазТАГ-тың жазуынша, облыс әкімдігіндегі дереккөз тергеу басталғанын айтқан.

Блогер Ербол Еділов Telegram-каналында Бақытгүл Хаменова мен  Атырау облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев екеуі 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталғаны жайлы жазған еді.

«Дереккөздің айтуынша, бұл Абай ескерткішін орнатуға арналған 150 миллон теңге тендерден алынған» деп жазады Еділов.

Сондай-ақ, «Чиновник» телеграм-каналы да Бақытгүл Хаменованың үстінен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары болып 2020 жылдың наурыз айында тағайындалған. Одан бұрын мәжіліс депутаты болған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.