Барби қуыршақтарын өндіретін Mattel компаниясы мүгедек арбасында отырған, аяғында протез бар, шашы жоқ, бетінің ақтаңдағы бар қуыршақтардың жаңа линиясын ұсынды.
Mattel-нің мұндай қуыршақ шығарудағы мақсаты «сұлулық пен сәнді түсінудегі жанжақтылық» және «жаһандық әртүрлілік пен инклюзивтілікті» көрсету.
Компанияның пікірінше қуыршақтың шашы жоқ болуы өте маңызды. Себебі, егер бойжеткеннің шашы қандай да бір себеппен түсіп жатса, ол қуыршаққа айнаға қарағандай болады.
Компания мәліметі бойынша Ұлыбританияда арбада отырған Барби ең көп сатылған қуыршақ екен. Ал ақтаңдағы бар қуыршақ ең сәнді болып есептелген көрінеді.
Қуышақ компаниясы жаңа коллекция тұтынушылар тарапынан жоғары сұранысқа ие болады деген сенімде.
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
27.11.2024