12-08-20 |
1480 рет қаралған
Белорусьте 5 мың адам ұсталып, 200 адам ауруханаға түскен.
Белорусьте 5 мың адам ұсталып, 200 адам ауруханаға түскен

Белорусьте президент сайлауының қортындысына байланысты жаппай қарсылық акциясы жалғасып жатыр. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Минск көшелерін демонстрантттардан жаппай тазалау басталған. Қауіпсіздік күштері қарсылық акциясына шығушыларға қарсы құлақ тұндыратын граната, көзден жас ағызатын газ, резеңке оқ қолданған. Сондай-ақ қауіпсіздік күштері жергілікті және шетел журналистерінде ұстап, түсірілген материалдарды тартып алған. Белорустьте үшінші күн интернет жұмыс істемейді, қарсылық акциясы да үшінші күн жалғасып жатыр.

Белорусьтегі жағдайға Еуропа одағы елдің саяси басшыларын қоғаммен шынайы әрі жан-жақты диалог бастауға шақырып, демонстранттарды қудалауды тоқтатуға шақырған. Сондай-ақ Еуропа одағы Белоруське қарсы санкция енгізу мәселесін қарап жатқаны да хабарланды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.