arasha.kz

Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды – ҰҚК

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мәлімдеме таратты.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Б. Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК 362-бабы 2-бөлімі 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда» делінген ҰҚК жариялаған ақпаратта.

Кеше Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы хабар тараған еді.

Exit mobile version