19-02-20 |
1810 рет қаралған
Болат Бақауов үйқамаққа ауыстырылды.
Болат Бақауов үйқамаққа ауыстырылды

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылды. Бұл туралы Павлодар облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«18 ақпанда Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу соты ҰҚК тергеу департаментінің бас тергеушісінің бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі басшысымен келіскен өтініші бойынша күдікті Бақауов Б.Ж қамаудан үйқамаққа ауыстыру туралы қаулы қабылдады» делінген хабарламада.

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов қызметін асыра пайдаланды деп күдікке ілініп, тұтқындалып, қамауға алынған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.