arasha.kz

«Бұл Путиннің арнайы қызметінің қасақана арандатуы»

«Мәскеудегі теракт Путиннің арнайы қызметінің қасақана арандатуы» деп мәлімдеді Украина қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасының өкілі Андрей Юсов.

«Бұл Путиннің арнайы қызметінің қасақана арандатуы. Мұны әлемдік қауымдастық ескерткен. Кремль тираны қызмет жолын осыдан бастаған және өз халқына қарсы сондай қылмыспен қызметіне аяқтамақшы», – деді Андрей Юсов.

Бұған дейін Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Мәскеудегі терактіге Украинаның ешқандай қатысы жоқтығын мәлімдеген. Ал РФ қауіпсіздік кеңесінің төрағасының орынбасары Д.Медведов Украинаны меңзеп: «Олардың барлығы террорист ретінде табылып, аяусыз жойылуы керек. Осындай қатыгездік жасаған мемлекеттің ресми тұлғаларын қоса алғанда, қанға қан жасау керек» деген еді.

Сондай-ақ, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік кеңесіндегі стратегиялық коммуникация жөніндегі үйлестіруші Джон Кирби терактіге Украинаның қатысы бары туралы ақпарат жоқ деп мәлімдеген еді.

Exit mobile version