Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы әділет министрі ұсталғанын хабарлады.
«Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады.
Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді», – делінген агенттік хабарламасында.
ҚазТАГ дереккөзге сүйене отырып, бұл Марат Бекетаев екенін жазды.
Марат Бекетаев 2016-2022 жылдары әділет министрлігін басқарды. Ол Қанды Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен босатылған еді.