28-01-19 |
9650 рет қаралған
Cақалмен күрес басталды.
Cақалмен күрес басталды

Қырық жасқа дейінгі ер азаматтарға сақал өсіруге болмайды. Түркіменстанда көптен бері осындай бейресми тәртіп бар екен. Сол тәртіп Ашхабадта тағы да күшейе бастапты. Мұны «Түркіменстан хроникасы» сайта жазады.

Сайттың жазуынша, басшылықтарының ауызша тапсырмасынан кейін полицейлер оқтын-оқтын бейсауат жүрген сақалы бар ер азаматтарды ұстап алып, полиция бөлімшесіне апарып, сақалын бастыруды талап етеді. Полицейлер олардан сақалын қырып тастамаса, 100 манат төлесе босататындарын айтады. Расталмаған деректерге қарағанда, кейбір азаматтар полиция бөлімшесінде соққыға жығылып, қорлыққа тап болады.

Бұл бейресми тәртіп көлік жүргізушілеріне қолданылып жатыр. Мәселен, сақал өсірген жүргізушілерді ұстап алып, сақалын алдырып келмейінше жүргізуші куәлігін бермей қояды. Ал мемлекеттік қызметкерлер сақал өсіре бастаса, олар жұмысынан шығарылуы мүмкін екен.

Сақалмен күрестің нақты ресми себебі айтылмайды. Алайда оның астарында ер адамдардың исламның түрлі ағымына кетіп қалу қаупінен сақтану тұр делінеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.