arasha.kz

ДДСҰ жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. Бұл туралы сәрсенбі, 11 наурыз күні Женевадағы брифингте ұйымның Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус мәлімдеді.

«Алдағы күндері және апта күндері біз өлім-жітім мен зардап шеккен елдердің саны ұлғаяды деп күтеміз… Біз CAVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік», – делінген ДДСҰ twitter парақшасында.

ДДСҰ бас директоры коронавирус табылмаған немесе 10-нан кем оқиға анықталған елдерге коронавирусты болдырмау үшін барлық қажетті шараларды жасауы керек деп мәлімдеді.

«Әлемнің 81 елінде бірде-бір жағдай тіркелмеді. Олар тіпті бір де бір науқас болдырмау үшін барлық мүмкіндіктерді жасауы тиіс. Олар осы вирустың өз елдерінде болмауына жол бермеуі тиіс. Сондай-ақ, 10 немесе одан да аз жағдайлар тіркелген 57 ел бар. Олар коронавирус өршімей тұрып, індетті тоқтата алады», – дейді бас директор.

Пандемия-бұл жаңа аурудың әлемдік ауқымда  таралуы . Әдетте пандемия бүкіл халықтың едәуір бөлігін зақымдайтын жаппай сипат алған ауруды білдіреді.

Exit mobile version