arasha.kz

Депутат Құдайберген қаңтар оқиғасына қатысты ұсталды

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасына байланысты ұсталды. Бұл туралы «Время» газетінің тілшісі Михаил Козачков хабарлады.

«Түнде Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оған жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және қатысты деген айып тағылып отыр», – деп жазады Козачков.

Қайрат Құдайберген «Дикий Арман» лақа аты бар Арман Жұмагелдиевпен бірге жүргені бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тараға еді. Депутат бұған дейін өзін полиция шақырғанын, куәгер ретінде барып, түсініктеме берген жазған еді.

Exit mobile version