Екі этникалық қазақ Қытайдан Қазақстанға шекара бұзып қашып келген. Бұл туралы журналист Тоқтар Жақаш фейсбук парақшасында әуелі аңдатпа жасап, кейін тікелей эфирге шығып «Қытайдан Қазақстанға қашып келдік» деген екі этникалық қазақпен қысқа сұхбат жүргізді. Өздерін Қастер және Мұрагер деп таныстырған азаматтар Қытайдан шекара бұзып қашып келгендерін айтады. Олар қалай және қашан шекарадан өткендерін, кімге үміт артатындарын, не себеппен, қандай мақсатпен келгендерін де айтады.
Әзірге құзырлы орындар бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ. Естеріңізге салайық, бірер жыл бұрын этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбек шекараны заңсыз бұзып өтіп, Қазақстанға келіп, артынша тұтқындалып кейін оның ісі қоғамда үлкен резонанс туғызып, ақыры оны Швеция босқын ретінде қабылдаған еді.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024