arasha.kz

Елде жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыру жазасы енгізіледі

Мәжілісте ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов «Қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша ҚР кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының нормаларын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Біз мас күйінде көлік жүргізу жауапкершілігін күшейтуді ұсынамыз. Қазір адам қаққан жүрігізуші мас, не мас емес екеніне қарамастан 5 жылға бас бостандығынан айырылады. Ал енді мас күйде адам қаққандарды жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыру, сондай-ақ 10 жылға бас бостандығынан айыру жоспарлануда, – деді ол.

Мас күйде ауыр салдары жоқ жол-көлік апатын жасаған жүргізушілер үшін де қамауға алу мерзімі ұзартылады.

– Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске сәйкес, мас күйде көлік жүргізу үшін қамауға алу мерзімі 30 тәулікке дейін ұзартылады, ал көлік жүргізу құқынан айыру 8 жылға дейін созылады. Көлік рөлінде мас күйінде ұсталғандар мен мас күйде жол-көлік апатын жасағандар – 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады, ал осы қылмысты қайталағандар мен ауыр қылмыс жасағандар – өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылады, – деп нақтылады Ахметжанов.

Exit mobile version