03-11-20 |
1880 рет қаралған
Елжан Біртановтың ұсталып, қамауға алынғаны расталды.
Елжан Біртановтың ұсталып, қамауға алынғаны расталды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша ұсталып, қамауға алынғанын Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі растады.

«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.
Е.А. Біртановқа қатысты сотпен қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санцияланды.
Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды» делінген тергеу қызметі таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Біртановтың ұсталғаны туралы хабар тараған еді. Елжан Біртанов 2017-2020 жылы аралығында денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. Коронавирус пандемиясы басталғанда-ақ денсаулық сақтау министрлігінің қызметі сынға ұшырап, ақыры президент Тоқаев Біртановты қызметінен алып тастаған еді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.