11-12-18 |
3030 рет қаралған
Эммануэль Макрон: «Сары жейде наразылығы көп жағдайда заңды».
Эммануэль Макрон: «Сары жейде наразылығы көп жағдайда заңды»

Франция президенті Эммануэль Макрон зардап шеккен наразылық аптасына жауап ретінде ең төменгі жалақы мен салықты жеңілдетуге уәде берді.

BBC сайтының жазуынша, телеарнада сөйлеген сөзінде ел президенті Э. Макрон зорлық-зомбылықты айыптады, бірақ наразылық білдірушілердің ашуы «терең, көп жағдайда заңды» болғанын мойындады.

Оның айтуынша, ең төменгі жалақы 2019 жылдан бастап айына 100 евроға дейін артады.

Аз мөлшердегі зейнетақы алатын зейнеткерлерге салықты жоғалту жоспарынан бас тартатындықтарын, белгіленген жұмыс уақытынан артық істегендерге салық алынып тасталады, ал жұмыс берушілер жыл соңында жұмысшыларға салықсыз сыйақы береді.

Дегенмен, ол бай адамдарға салықты азайтудан бас тартты, «бұл бізді әлсіретеді, біз жұмыс орындарын құруымыз керек» деді президент өз мәлімдемесінде.

Ең төменгі жалақы 7% -ға артады – бұл өсімнің құны жұмыс берушілерден емес, үкімет тарапынан орындалады.

Францияда жанармайдың көтерілуі, тұрмыс шығындарына және басқа да мәселелерге қарсы наразылық төрт күнге жалғасқан еді.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.