Мемлекетті басқарған 12 жыл ішінде 50-ден аса кітап жазған, оның ішінде «Түркіменстанның емдік шөптері» жинағын шығарған Бердімұхамедовтің шығармашылығы елінде ресми деңгейде насихатталады.
Президенттің аталған кітабын елдің дәстүрлі медицинасы да жиі қолданады. 2018 жылдың қазан айында денсаулық сақтау министрлігі халыққа мемлекет басшысының кітабында көрсетілген дәрілік шөптерден жасалған шәй ішуді ұсынған.