Қытай төрағасы Си Цзиньпин ұлттық қауіпсіздік саласындағы жоғары лауазымды тұлғаларды «ең нашар сценарийге» дайындала беруге шақырды.
Бұл туралы CNN арнасы жазды.
Си Цзиньпин Қытайдың қазіргі кезде ұлттық қауіпсіздік мәселесі күрделеніп, қиындығы «өсіп бара жатқанын» мәлімдеді.
Біз ең нашар және төтенше сценарийлерге, қатты жел мен алапат толқынның, тіпті қауіпті дауылдың ауыр сынағына төтеп беруге дайын болуымыз керек, – деді ол 30 мамырда өткен ҚКП Орталық Комитеті Қауіпсіздік комиссиясының отырысында.
Сонымен қатар Си Цзиньпин «Қытай шынайы ұрыс пен іс жүзінде пайдаланудағы тиімділікті арттыруға назар аудара отырып, өзінің ұлттық қауіпсіздік жүйесін жаңғыртуды тездетуі керек» деді.
CNN мәліметінше, Си Цзиньпиннің үндеуі Бейжің «қиын-қыстау экономикадан бастап Қытай көшбасшысы барған сайын дұшпандық тудыратын халықаралық ортадағы қиындықтармен бетпе-бет келіп тұрған кезде жасалды».
ФОТО: aussiedlerbote.de
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024