24-07-19 |
5250 рет қаралған
Ермек Шымыров, судья: Тек қана Жәкішев кінәлі.
Ермек Шымыров, судья: Тек қана Жәкішев кінәлі

Семей қалалық №2 сотының судьясы Ермек Шымыров Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Сот процесінен кейін Семей қалалық №2 сотының төрайымы Жанат ӘБЕНОВА мен судья Ермек Шымыров БАҚ өкілдерімен арнайы баспасөз мәслихатын өткізді, деп жазады zhasalash.kz

Әбенованың айтуынша, М. Жәкішев мемлекетке келтірген шығындарын қайтаруға ешуақытта ұмтылмаған. Ал, Ермек Шымыровтың сөзіне сенер болсақ, Мұхтар Еркінұлының бостандыққа шыға алмауының тағы бір себебі жазасын өтеп жатқанда марапаттар алуы азайып кетіпті. Яғни, 2016, 2017,2018 жылдары тәртібін түзеп, жұмысқа деген ынтасын арттырып жақсы қырынан көрсетуге аса ынталанбапты. Шымыровтың сөзінше, Жәкішевтен тек «ҚазАтомпром» ғана емес, одан бөлек бес өндіріс орын зардап шеккен көрінеді.

«Сонда олардың бәрінің қаржысы тоналуына жалғыз Жәкішев қана кінәлі ме?»  деген сауалымызға Әбенова мен Шымыров «Дәл солай. Тек қана Жәкішев кінәлі» деп қосарлана жауап берді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.