21-12-20 |
1210 рет қаралған
Еуроодақта бірнеше мемлекет Covid-тің жаңа түрінің тарауына байланысты Ұлыбританиямен әуе қатынастарын тоқтатты.
Еуроодақта бірнеше мемлекет Covid-тің жаңа түрінің тарауына байланысты Ұлыбританиямен әуе қатынастарын тоқтатты

Еуроодақта бірнеше мемлекет Англияның оңтүстік-батысында Covid-тің жаңа штамының тарауына байланысты Ұлыбританиямен авиақатынасты тоқтатты. Ұлыбританиядан авиарейстер қабылдауды тоқтатқанын бірінші болып Бельгия мен Нидерланд хабарлады. Бельгия Еуротоннель арқылы Лондонмен жалғайтын темір жол қатынасын да үзді.

Ізінше Франция, Германия және тағы бірнеше мемлекеттің Ұлыбританиямен авиабайланысты үзгені белгілі болды. 20 желтоқсан түнде олардың саны онға жетті. ЕО өкілдері мәселені осы аптада талқылайды.

Израиль билігі Израиль азаматтығы жоқ адамдарға елге кіруге тыйым салды. Израиль азаматтығы бар Лондоннан келген адамдар екі апта карантинде болуы тиіс.

Жақында Ұлыбритания Англияның оңтүстік-батысы мен Лондонда 4-деңгейлі локдаун енгізген. Британдық басылымдар Рождество мерекесіне байланысты жоспарланған қоғамдық шаралардың өтпейтінін жазып жатыр. Лондонда Рождество қарсаңында мейрамханалар мен дәмханалар жабық болады. Жергілікті тұрғындарға себепсіз үйден шығуына тыйым салынған. Бірнеше отбасының Рождествоны бірлесіп мерекелеуіне де болмайды. Шектеу шаралары кемінде 2 аптаға созылады.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның айтуынша, коронавирустың жаңа штамы вирустың «қарапайым» түріне қарағанда 70 пайыз жылдамырақ тарайды. Бірақ дәрігерлер оның адам өміріне аса қауіпті емес екенін айтады және вакцинацияға да әсері жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 20 желтоқсанда коронавирустың жаңа штамы Италия, Нидерланд, Дания, Австралияда анықталғанын хабарлады. Ресей билігі әзірге Ұлыбританиямен авиақатынасты тоқтатпады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.